Мемлекеттік қызметте бос лауазымдар бар

Исатай ауданы әкімі аппараты өткен аптада бос орындар жәрмеңкесін өткізді.

Шара Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментімен бірлесіп ұйымдастырылды. Ұлт жоспарының «100 нақты қадамы» аясында «Кәсіби мемлекеттік аппарат құруды» іске асыруды мақсат еткен шараға жергілікті тұрғындар мен жоғары және арнайы оқу орындарын бітірген жастар қатысты. Бос жұмыс орындарын ұсынған Аққыстау және Жанбай ауылдық округі әкімінің аппараты, аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімі жәрмеңкеге қатысқан ауыл тұрғындарына жан-жақты кеңестер беріп, мемлекеттік қызметке тұру жолдары түсіндірді.

Серік АМИРОВ, аудан әкімі аппараты кадр қызметі және персоналды басқару бөлімінің басшысы

Суретті түсірген Әбілмажан ШАРАПИДЕНОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT