Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өтті

Өткен аптада аудан әкімі аппараты мен аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығының бірлесе ұйымдастыруымен аудандық орталық аурухана ғимаратында Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі өткізілді. Оған аудандық әкімдікке қарасты мемлекеттік қызмет көрсететін 9 дербес бөлім өкілдері қатысты.

Жәрмеңкенің мақсаты - халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру, қызмет алушыларға электрондық нысандағы мемлекеттік қызметтерді алу тәсілдерін түсіндіру, электрондық цифрлік қолтаңбамен қамтамасыз ету және оларға мемлекеттік қызметтер саласында түсіндірмелер беру. Аудан көлемінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер және электронды қызметтер туралы толық ақпарат бере отырып, қызмет көрсету бағытында тұрғындарды толғандырған сұрақтарға жауап беру.

Шара барысында электронды үкімет порталында электронды қызметтер алу тәсілдерін үйрету туралы аудан тұрғындарына толық мәліметтер беріліп, жеке бас куәлігіндегі электронды цифрлық қолтаңбалар мен жарамдылық мерзімдері тексерілді. Мамандар ұялы телефондарда мобильді үкімет қосымшасына тіркелген, тіркелмеген азаматтарды анықтады.

Азаматтардың басым бөлігі жер, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, тұрғын үй, құрылыс, жұмыспен қамту бағытында сұрақтар қойып, тұшымды жауап алды. Аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары тұрғындарға «Электрондық цифрлық қолтаңба» арқылы электрондық қызметтер көрсетті. Мамандардың айтуынша, портал - қызмет алушыларға үйде, жұмыс орнында, интернетке қолжетімді жерлерде онлайн-режимде автоматтандырылған мемлекеттік қызметтердің 400-ден астам түрін алуға мүмкіндік береді екен.

Әйгерім Құбаева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521