Мемлекеттік жәрдемақылардың көлемі өсетін болды

Көпбалалы аналарға – "Алтын алқа", "Күміс алқа" иегерлеріне, бұрынырақта "Батыр ана" атағын иеленгендерге, I және II деңгейлі "Ана даңқы" орденімен марапатталғандарға ай сайын төленетін мемлекеттік жәрдемақы көлемі, олардың табыс көлеміне қарамастан, 16 973 теңгені құрайтын.

Бала асырап алған, қамқорлығына алған (қамқоршы, тәрбиеші), мүгедек баланы тәрбиелеуші анаға немесе әкеге, бала кәмелет жасқа толғанға дейін, төленетін жәрдемақы көлемі 43 657 теңгені құрайтын болады. Бұл туралы Президент әкімшілігінің Telegram каналында жарияланды.

Дәл осындай көлемдегі жәрдемақы туғаннан бірінші топтағы мүгедек саналатын жандардың күтімі үшін де төленіп отыратын болады.

- Еңбек етуге жарамай қалғанда, асыраушыдан айырылғанда және жұмыссыз қалғанда тағайындалатын төлемдер көлемі де өзгерістерге ұшырап, ол орта есеппен 30%-ға өсті. Жұмыссыз қалған, бірақ, бұған дейін 100 мың теңге мөлшерінде орташа айлық табысы болған және 5 және одан да көп жыл әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне қатысушы өтілі бар жандар үшін төлемдер сомасы 30 000 теңгеден 41 600 теңгеге дейін өсті, - делінген хабарламада.

Фото: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521