Менингококк – инфекциялық ауру

Менингококк инфекциясы - бактерия тудыратын, ауа – тамшы жолымен берілетін жіті инфекциялық ауру.

Науқас адамдар айналасындағылар үшін инфекция көзі болып қауіп төндіреді. Науқастың ауруы ауыр түрде өтеді, науқас жөтелгенде, түшкіргенде сыртқы ортаға қоздырғышты белсенді түрде бөледі.

Менингококк инфекциясы кезінде инкубациялық кезең орташа есеппен 2-4 күн. Менингоккты менингит жұқпалы ауруы кенеттен басталады: қатты бас ауруы, құсу, денелерінде жұлдызша секілді бөртпелер, дене қызуының 39-40°С дейін көтерілуі, дененің қалтырауы пайда болады. Тері қабаты бозарып, жалпы әлсіздік, денесінде және аяқ-қолдарында ауырсыну байқалады. Ауру симптомсыз бактерия тасымалдаушылықпен және жіті менингококк назофарингиті түрінде,  әлсіз көрінетін интоксикация және ринофарингит белгілерімен өтуі мүмкін, клиникалық белгілері бойынша ЖРВИ-ға  ұқсайды.

Менингит диагнозы мұрын-жұтқыншақтың сілекейлі қабығынан бактериологиялық зерттеуде оң нәтиже шыққанда қойылады.  Менингит өкінішке орай асқынған  генерализацияланған түрінде менингит және менигококцемия (менингококкты сепсис) түрінде өтуі мүмкін.

Менингококты инфекцияда мынандай асқынулар болы мүмкін:

- инфекциялық – токсикалық шок;

- жедел бүйрек үсті безі жетіспеушілігі;

- жедел бүйрек жетіспеушілігі;

- мидың ісінуі;

- екіншілік инфекцияның қосылуы.

Менингиттің алдын алу:

- қажеттілік болмаса, адамдар көп жиналатын орындарға, сауда-ойын сауық кешендеріне, нашар желдетілетін үй-жайларда өткізілетін мәдени іс-шараларға баруды шектеу, бетперде кию қажет;

- суық тию ауруларының белгілері  (жөтелу, мұрынның бітелуі, түшкіру көздің жасаурауы және басқалар) бар айналасындағы адамдармен қарым-қатынасты болдырмау керек;

- салқын тигізбеу және  мезгілге сәйкес киіну қажет;

- жұқтыруды болдырмау үшін қолды мұқият жуу өте маңызды. Балаларға жиі қол жууды, әсіресе тамақ ішер алдында, қоғамдық орындарда болғаннан кейін, сондай-ақ  жануарларды ұстағаннан кейін қол жууды үйрету керек;

- әр адам өз денсаулығын күтіп, қалыпты демалып, тұрақты спортпен шұғылданып және дұрыс тамақтанып, иммундық жүйені нығайту керек;

- науқас адамдармен қарым-қатынаста болған адамдар медицина қызметкерлерінің бақылауымен профилактикалық мақсатта антибиотиктерді қабылдау бойынша дәрігердің нұсқауын орындауы керек.

Менингит ауру өте қауіпті, әсіресе балалар үшін! 

Дәрігерге дер кезінде қаралып уақытылы ем қабылдаған жөн.

Орынбек ЗИРЕК,

Исатай аудандық санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау басқармасының бөлім басшысы

 

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT