МҮГЕДЕКТЕРГЕ ҚАНДАЙ ЖЕҢІЛДІКТЕР БАР

фото: интернеттен

Мүгедектігі бар адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету үшін Қазақстанда мемлекеттік көмек және жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер түріндегі қолдаулар бар. Әлеуметтік оңалту шеңберінде ағзаның жоғалған функцияларын өтеу; арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді қамтитын көп деңгейлі әлеуметтік қорғау жүйесі жұмыс істейді.

Мүгедектігі бар адамдарға көрсетілетін әлеуметтік көмектердің түрлері:

  • Мемлекеттік жәрдемақы, өтемақы және басқа да төлемдер
  • Жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін қосымша әлеуметтік төлемдер
  • Жұмыс берушілердің көрсететін қосымша әлеуметтік көмек түрлері және өзге де ұйымдармен.

 2024 жылы аудан бойынша мүгедектігі бар адам саны - 863, І топ – 93 адам, ІІ топ – 337 адам, ІІІ топ – 302 адам, 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар  саны -131 адам.

Қазақстанның Әлеуметтік кодексіне сәйкес мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен әзірленген абилитациялау және оңалтудың жеке бағдарламасы негізінде келесі техникалық оңалту құралдары мен қызметтер көрсетіледі:

  • протездік-ортопедиялық көмек;
  • тифлотехникалық құралдар;
  • сурдотехникалық құралдар;
  • арнаулы жүріп-тұру құралдары;
  • міндетті гигиеналық құралдар;
  • санаторийлік-курорттық емдеу қызметтері;
  • жеке көмекші қызметтері;
  • ымдау тілі маманының қызметтері.
  • мүмкіндігі шектеулі жандар үшін оңалту орталығы қызметі;
  • Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау

Соңғы жылдары әлеуметтік-мемлекеттік қызмет алудың жолы жеңілдетілді. Басым көпшілігі электронды форматқа ауысты. Енді мүгедектігі бар адамдар да өздерінің жеке қажеттіліктерін ескере отырып, әлеуметтік қызметтер порталында оңалту құралдары мен қызметтерін өз беттерінше таңдай алады. Бұл жаңашылдық қағаз бастылықтан құтылу, уақыт үнемдеу және мемлекеттік қызметтерді қолжетімді ету үшін жасалуда.

Аталған қызмет түрін алу үшін азамат/азаматшаның жеке басын куәландыратын құжат өзімен болуы шарт (қосымша құжаттар сұратылады). Ең алдымен азаматтарға тұрғылықты жері бойынша мобильді азаматтар базасына тіркелуі қажет. Өтініш беру egov.kz арқылы ЭЦҚ-мен жүзеге асырылады немесе «Азаматтарға арналған үкімет Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар мемлекеттік мекемесіне жүгінуге болады.

Қызмет түрін тағайындау процесі тұрғылықты жері бойынша Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар мемлекеттік мекемесінде мүгедектігі бар адамның «Оңалтудың жеке бағдарламасы (ИПР)» арқылы жүргізіледі.

Кресло-арбамен және жеке көмекшінің қызметін қамтамасыз етуге көрсеткіші бар жүріп-тұруы қиын бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды қолдаудың қосымша шарасы ретінде «инватакси» қызметтері ұсынылады (мүгедектігі бар адамдар білім беру ұйымдарына, медициналық мекемелерге, әуежайларға, теміржол вокзалдарына және басқа әлеуметтік саладағы объектілерге ақысыз жеткізіледі).

Қазіргі уақытта мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Сенім шыңы» қоғамдық бірлестігі мердігер атанып, ауданда 4 машинамен қызмет көрсетті, аудан бойынша 40 адамды тасымалдады. (Исатай ауданында тұратын І-ІІ топтағы кресло арбамен қозғалатын мүгедектігі бар адамдар,  тірек-қозғалыс қызметтері бұзылған, сал ауруы, дауна ауруымен, неврологиялық аурулармен техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар көмегімен қозғалатын және жүре пайда болған жүрек және бүйрек ауруымен ауыратын науқастар,  абсолютті соқырлық салдарынан қозғалуы қиын І-ІІ топ мүгедектігі бар адамдар және 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларды).

Бүгінгі таңда www.bilet.railways.kz сайтында мүмкіндігі шектеулі жандарға мүгедектік мәртебесін растай отырып, теміржолда жол жүру құжаты (билет) құнынан 50% жеңілдікпен билеттерді онлайн сатып алудың жаңа мүмкіндігі іске асырылды. Осыған байланысты мүгедектігі бар адам теміржол кассасы арқылы және «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының жолаушылар порталы арқылы жеке куәлік бойынша жеңілдетілген теміржол билетін рәсімдей алады.

    Қазақстанның заңнамасында әуе көлігі саласында мүгедектігі бар адамдар үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету тәртібі регламенттелмеген. Авиация саласында мүгедектігі бар адамдарға жеңілдіктер  авиакомпаниялардың қалауы бойынша беріледі:

Air Astana ауыр науқас балаларға жеңілдікті тарифтер мен жеңілдіктер ұсынады.

    Fly Arystan Komek пилоттық жобасы бойынша мүгедектігі бар І топтағы мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға және ілесіп жүретін адамға әуе сапарларына арналған тариф құнынан 50% жеңілдіктер ұсынады.

Scat  жылына бір рет ішкі бағыттар бойынша І топтағы мүгедек балалар мен мүгедектерге 100% жеңілдік және ІІ топтағы мүгедектерге 50% жеңілдік береді.

Qazaq Air Басқарма төрағасының шешімі бойынша ауыр науқастарға және мүгедек балаларға жеңілдіктер береді.

Қорытындылай келе мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардың мәселелерін шешу мақсатында Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласында үйлестіру кеңесі жұмыс істейді, оның басты міндеті – мемлекет пен қоғам арасында диалог алаңын құру.  Қазіргі таңда аудан көлемінде мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді және кедергісіз орта құру өмір сүру сапасын арттыру бойынша жұмыстар жоспарлы түрде жүргізіліп жатыр.

 Қосымша сұрақтар бойынша Аққыстау ауылы Елорда 54А көшесінде орналасқан «Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-де жүгінуге болады.

 

Сара СЕГІЗБАЙ,

аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ардагерлермен және мүгедектермен жұмыс жөніндегі бас маманы

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT