Министр Армениядан әкелінген көліктерге қатысты жағдайды түсіндірді

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Армениядан әкелінетін көліктерге қатысты жағдайды түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«1 ақпанға дейін әкелінген көліктерге айқындалған шешім бар. Үкіметтің тиісті қаулысы қабылданды. Яғни, ол көліктер уақытша есепке қойылып, сары нөмір алып, көліктік салықты төлей береді. Ал Қаржы министрігі тарапынан біз оларды бақылауға аламыз. Ал 1 ақпаннан кейін әкелінген көліктерге әлбетте заңнамаға сәйкес кедендік бажды төлеуге тура келеді» деді Ерұлан Жамаубаев ОКҚ алаңында өткен халыққа есеп беру кездесуінде.

Қаржы министрі Армян Республикасының мемлекеттік кірістер органы тарапынан да салықтық міндеттемелер бойынша мәселе туындауы мүмкін екенін ескертті.

«Біз бұл мәселеге байланысты армян тарапымен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Біздің елдің аумағында сол жақтың нөміріндегі көлікті жүргізіп жүргендер салықты біздің елде төлеуі керек» деді Ерұлан Жамаубаев.

inform.kz

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521