Үміт пен сенім сыйлады

Енді-енді тал шыбықтай жетіле түскен балаға жан-жақты тәрбие беру, қол ұшын созу азаматтық парыз деп білеміз.

Жыл сайын дәстүрлі өткізіліп жүрген «Біздің қолымыздан бәрі келеді» аталатын қайырымдылық шарасына да себепші сол.

Мүмкіндігі шектеулі балаларды, әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған отбасылары балаларын мектепке даярлау, оларға қолдау жасау мақсатындағы бұл шара биыл да жалғасын тапты. Бұл ретте қиын кезде балаларға материалдық көмек көрсетіп, ерекше балаларды ескеріп жүрген «Жайықмұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқарамасының басшысы М.Жүнісов пен кәсіподақ комитетінің төрағасы С.Қабделов мырзаларға шынайы алғысымыз шексіз. Осынау азаматтардың ыстық жүрек, кең пейілдері, бауырмалдық пен мейірімділіктен бастау алған игі істері басқа да қайырымды жандарға жол салғандай. Олар отбасыларға, балаларға материалдық көмек көрсетіп қана қоймай, ертеңгі күнге деген үміт пен сенім де сыйлады.

Сайрангүл БУЛЕКОВА,

«№4 Исатай ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» мемлекеттік мекемесінің меңгерушісі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521