Бүгін таңғы сағат 7-ден бастап аудандық мәслихаттың №11 бірмандаттық аумақтық сайлау округінің шығып қалған депутаттың орнына жаңа депутат сайлау бойынша дауыс беру жүргізілуде.
Сағат 12.30-дағы есепке сәйкес тізімге енгізілген 1101 сайлаушының 167-і сайлауға қатысты.
Сайлау учаскесі Мақат кенті, С.Бекжанов көшесі 82 үй “Үміт” жатақханасының ғимаратында өтіп жатыр.
Аталған сайлауға қатысушы сайлаушылар Газшылар ықшам ауданы, С.Бекжанов, Л.Шахатов, Қ.Сатпаев, Ә.Жангельдин көшесінің тұрғындары.
Айта кетейік, сайлау учаскелері таңғы сағат 7.00-ден кешкі сағат 20.00-ге дейін жұмыс істейді.
Б. Асхатқызы