banner_damu

Мүфтияттың 30 жылдығы құрметіне Атырауда жаңа мешіт ашылды

«Бұл туралы бүгін онлайн брифингте Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы мәлімдеді» деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

«Асыл дініміздің қарашаңырағына айналған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық мерейлі датасы аясында аймақта Қасым хан мешіті ашылды. Махамбет ауданында пайдалануға берілген жаңа мешітті Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы келіп ашты. Сонымен бірге, облыс мешіттері аулаларына 841 көшет егілді. Оның қатарында қара талдармен бірге, жеміс ағаштары да бар. Сондай ақ, орталық «Иманғали» мешітінің атсалысуымен бір көпір жөнделіп, шалғай ауылдардан 2 құдық қазылды. Бұдан бөлек, рухани идеологиялық шаралар өткізілді. Олардың қатарында хакім Абайдың қара сөздерін жатқа айтудан жарыс, «Қария батасы ел қазынасы» атты бата жарысы бар» деп атап өтті Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.

Еске сала кетелік, мүфтияттың 30 жылдық атаулы датасына орай, облыс мешіттерінің ұйытқы болуымен аймақта көкпар ұлттық ойыны, өңірлік волейбол жарысы өтті.

Және 4 мәрте Құран жарысы, 1 мәрте Азан жарысы, Алланың көркем есімдерін айтудан сайыс өтті.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Сұрақ Жауап

Вакцинаға көзқарасыңыз қалай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Яндекс.Метрика