Мұғалім мәртебесі - басты назарда

Күні кеше жарияланған Президент Жолдауы Жалпы білім беретін Нарын орта мектебінің педагог қызметкерлері тарапынан оң қолдауға ие.

Онда Мемлекет басшысы «Педагогтардың мәртебесі туралы» жаңа заң қабылдауды тапсырып, ұстаздарға салынған жүктемені азайтып, үш ауысымды білім беру мәселесін шешу жөніндегі тапсырмасы дер кезінде көтерілген әділ шешім дер едік. Сенаторлар қоғам арасында әбден шарықтау шегіне жеткен бұл мәселені осыған дейін бірнеше мәрте көтерген болатын. Енді міне, аталған Заңның орындалуына өз үлестерін қосуға дайын. Президенттің медицина, қоғамдық тамақтану мен көрсетілетін қызмет мәселелерін қамтитын Қызмет сапасын бақылау жөніндегі бірыңғай комитет құру жөніндегі бастамасы өте өзекті.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тұрғындарды баспанамен қамту ісіндегі жайбасарлыққа алаңдауы де негізсіз емес. Осыған жауап ретінде Президент әкімдерге жергілікті бюджеттен жеңілдікпен берілетін ипотеканың бастапқы жарнасын субсидиялау мәселесін қарастыруды тапсырды және ірі қалаларда әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтарға арналған жалдамалы үйлердің құрылысын кеңейте түсуді міндеттеді. Міне, бүгінгі таңда мұғалімдер, дәрігерлер, полиция қызметкерлері мен жас мамандар бізден тап осындай қадамдарды күтіп отыр. Бұл Үкімет пен Парламенттің бірінші кезектегі міндеті «қарапайым заттардың» құрылысын кеңейту болып табылады. Алайда қарапайым дүниенің артында үлкен, күрделі шаруалар жататыны да жасырын емес. Сондықтан да, біз қашанда келешектің келелі міндеттері сараланып көрсетілген Жолдаудан туындайтын міндеттерді орындау үшін, ортақ мүдде, ортақ мақсат жолында күш жұмылдыруға дайынбыз.

Гүлбағила ҒАБДІСӘЛІМҚЫЗЫ,

Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Нарын орта мектебі

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521