Мұғалімдер жалақысы қанша теңгеге өседі?

2020 жылғы 1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында ұстаздардың жалақысының аздығына тоқталып кеткен еді.

- Мен 2021 жылдың қаңтар айынан бастап мұғалімдердің еңбекақысын 25 пайызға көбейту жөнінде шешім қабылдадым. Жалақы мөлшері алдағы уақытта да арта береді. Бұл мақсатқа алдағы үш жылда қосымша 1,2 триллион теңге бөлінеді, - деген болатын Президент өз Жолдауында.

Осыған қатысты Білім министрі Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысында ұстаздардың айлығына қатысты баяндама жасады. Бұл туралы baq.kz сайты хабарлайды.

- Президенттің мұғалімдер жалақысын 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 25%-ға арттыру тапсырмасы бойынша тиісті қаражат бюджет жобасында толығымен қарастырылды. Ал, осы қыркүйектен бастап дәптер тексергені үшін үстемақы 2 есеге, сынып жетекшілігі үшін алатын үстемақы 2 есеге артады. Сонымен қатар магистр дәрежесі бар мұғалімдер 27 мың теңге көлемінде жаңа үстемақы алатын болады, - дейді министр.

Ал, Ranking.kz-тің ақпаратына сүйенсек, 2020 жылдың екінші тоқсанында білім беру саласындағы қызметкерлердің орташа жалақысы 184,4 мың теңгеге жеткен.

baq.kz

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT