Мүгедектер құқығы қорғалды

Исатай ауданының прокуратурасы өнім берушімен жүріп-тұруы қиын І топтағы мүгедектердің жеке көмекшілерінің уақыттарын заңсыз шектеу фактілерін анықтады.

Атап айтқанда, мемлекеттік сатып алудың жеңімпазы «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Мақат» корпоративтік қоры жеке көмекшілердің шарттарында қызмет көрсету уақытын 2-ден 6 сағатқа дейін шектеген.

Бұл қолданыстағы заңнаманы бұзу болып табылады, себебі мүгедектердің қажеттіліктеріне байланысты күніне 8 сағатқа дейін қызмет көрсету уақыты қарастырылған.

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде жергілікті атқарушы органмен заң бұзушылықтар жойылып, бірінші топтағы 12 мүгедектердің құқықтары қорғалды. Кінәлі лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Ақтаң Қуанов,

аудан прокурорының міндетін атқарушы.

Сурет: ашық дереккөзден.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521