Мүлік пен жерге салынатын төлемдер бір салыққа біріктірілмек

Парламент Мәжілісінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және инвестициялық ахуалды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы таныстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Заң жобасының негізгі мақсаты - инвестициялар тартуды ынталандыру, бизнес-ортаны дамыту, салықтық әкімшілендіруді жақсарту.

Атап айтқанда, түзетулердің бірінші блогы жеке тұлғалардың салық төлеу бағытын жақсартуға бағытталған.

«Жеке тұлғалардың мүлкі мен жеріне салынатын салықтардың салық элементтерін өзгертпей, бір салыққа біріктіру ұсынылады. Яғни, 2 салық бірыңғай төлеммен төленеді. Бұл түбіртектерді толтыру және банк комиссияларын төлеу сияқты шығындарды қысқартуға мүмкіндік береді» деді ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Мәди Тәкиев.

Бұдан бөлек ол көп пәтерлі тұрғын үйлердің иелері үшін жер салығын алып тастау ұсынылып отырғандығын атап өтті.

«Бұл салық сомасының мардымсыз болуына, есептеудің күрделілігі және әкімшілендірудің айтарлықтай шығындарына байланысты» деп түсіндірді вице-министр.

inform.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521