Н.Назарбаев 50 мың теңгелік төлемді үшінші рет беруді тапсырды

Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек 50 мың теңге көлеміндегі көмекті тағы кімдер алатынын айтты.

«Кеше Елбасы, партия көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев 50 мың теңге көлемінде біржолғы төлемді үшінші рет беруді тапсырды. Осы аптада ірі қалаларға жақын орналасқан шағын қалалар, ауылдар мен елді мекендердегі мұқтаждар санатына кіретін 110 мыңға жуық отбасыға қосымша атаулы қаржылай көмек көрсетіледі» деп жазды ол Instagram-дағы парақшасында.

Оның айтуынша, осы уақытқа дейін 23 қаладағы 360 мыңнан аса отбасыға 50 мың теңге көлемінде қаржылай көмек берілген.

«Nur Otan партиясы мен Тұңғыш Президент қорының қолдауымен Birgemiz қоры жұмысты тиімді және ашық жүргізуі ірі меценаттардың сенімін оятты. Алдағы уақытта қосымша қаражат түседі деп жоспарланып отыр. Осы жағдайды ескере келе, Елбасы мұқтаж қазақстандықтарға тікелей қаржылық көмек көрсету мәселесін төртінш рет қарастыруды тапсырды. Басымдық еліміздегі ауыл тұрғындарына беріледі» дейді Байбек.

aikyn.kz

Cурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521