Н.Назарбаев енді «Nur Otan» төрағалығын Қ.Тоқаевқа табыстайды

Бүгін 23 қараша күні Қазақстанның экс-президенті, «Nur Otan» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев партиядағы қызметін қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа табыстайтынын мәлімдеді.

Назарбаев ел басқару қызметінен кеткеннен кейін «Nur Otan» партиясының төрағасы болып қалды. Назарбаев шешімімен өкілеттілігі Қазақстан президентіне беріледі. «Nur Otan» партиясының ережелеріне сәйкес, Қасым-Жомарт Тоқаев — партиядағы жоғары басшы тұлға. Бұл туралы Айдос Үкібай Twitter парақшасында жазды.

Тағайындау партия ережесіне сәйкес өтетін болады.

Қазақстан президентінің жаңа өкілеттіктері:

- партия қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асыру

- партия съезін ашу

- партияның Саяси кеңесі мен бюроның жұмысын басқару

Ұсынуға құқылы:

- Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидатты;

- Қазақстан Республикасының премьер-министр қызметіне кандидатты;

- Парламент депутаты кандидаттарын.

Сәуір айында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағалығы өкілеттігін Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырды. Бұл ретте Нұрсұлтан Назарбаев құрметті төраға болып қала берді.

Ассамблея Төрағасының лауазымдық міндеттеріне қызметтің негізгі бағыттарын айқындау және бекіту кіреді.

Қазақстан халқы Ассамблеясы – мемлекеттік ұлттық саясатты әзірлеуге және іске асыруға ықпал ететін консультативтік кеңесші орган. ҚХА бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 1995 жылы құрылған. Ол ҚХА-ны өмір бойы басқаруға құқылы.

kaz.orda.kz

 

 
 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521