Н.Назарбаев тапсырған 50 мың теңгелік жәрдемақы кімдерге беріледі?

«Birgemiz» қорымен бірге бүкіл ел бойынша тағы 100 мың әлеуметтік осал отбасыға 50 мың теңге көлемінде қосымша төлемдер беріледі.

Н.Назарбаев Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекке «Birgemiz» қорымен бірге бүкіл ел бойынша тағы 100 мың әлеуметтік осал отбасыға 50 мың теңге көлемінде қосымша төлемдер ұйымдастыруды тапсырды.

Elbasy.kz сайты Nur Otan партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Бауыржан Байбекті қабылдағаны туралы жариялады.

"Партияның орталық аппараты және біздің қызметкерлер үлкен жұмыс атқарды. Мен бәріне атқарған жұмысы үшін ризамын. Алда әлі көптеген нақты іс бар. Ел игілігі үшін жұмысты жалғастыру маңызды" деп қорытындылады Қазақстан Тұңғыш Президенті» делінген мақалада.

Сондай-ақ, кездесу барысында праймериз нәтижелері талқыланғаны хабарланды.

Айта кетсек, Партия төрағасының бірінші орынбасарының мәліметі бойынша, дауыс беруге партия мүшелерінің 84,2 пайызы қатысқан, оның 88 пайызы онлайн режимінде болды. Тіркелген 10 073 кандидаттың 36 пайыздан астамы әйелдер, 29 пайызы 35 жасқа дейінгі жастар болған. Партиялық ішкі іріктеу нәтижесінде 20 мыңнан аса ұсыныс жиналған, соның ішінде тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, инфрақұрылым мен көлік, білім беру және денсаулық сақтау салалары бар.

Саяси кеңестің бюросында республикалық сайлауалды бағдарламаның жобасын талқылағанын айтқан Партия төрағасы қиын жағдайды ескере отырып, бағдарламада партия мақсаты мен ауқымды міндеттердің көрсетілгендігін және барлық партия мүшесі осы бойынша жұмыс істейтіндігін, түптеп келгенде, мұның бәрі халықтың әл-ауқатына бағытталғандығын айтыпты.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521