Н.Ноғаев «Chevron» компаниясының басшылығымен кездесті

Кездесуде тараптар 29 маусым күні "Теңіз" кен орнында болған тұрмыстық кикілжіңді талқылады, деп хабарлайды Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Бүгін, 2 шілдеде Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев "Chevron" компаниясының Еуропа, Еуразия, Таяу Шығыстағы барлау мен өндіру жөніндегі президенті Тодд Левимен кездесті.

t

Нұрлан Ноғаев қазір жағдай реттелгенін, Теңіз жобасындағы жұмысшылардың өмірлері мен денсаулықтарына қауіп жоқ екенін айтты. Тодд Леви өз кезегінде "Chevron" компаниясының саясаты бойынша компанияның барлық қызметкеріне тең дәрежеде құрмет көрсетілетінін, құқықтары мен міндеттері бірдей екенін атап өтті.

t

- Осындай оқиғаның енді қайталанбауы үшін Теңіз жобасына тартылған барлық мердігер мекемелер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз. Жергілікті атқарушы органдарға, құқық қорғау органдарына жағдайды тез реттеуге атсалысқандары үшін ризашылық білдіремін. Алға қарай да өзара байланысымызды табысты жалғастыра беретінімізге сенеміз, - деді Тодд Леви.

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Яндекс.Метрика