Нұротандықтар неге жиналды?

Бүгін аудандық «Жалын» мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Президентін сайлауға арналған «Нұр Отан» партиясы жақтастарының «Сабақтастық! Әділдік! Өрлеу!» атты форумы өтті.

«Нұр Отан» партиясы атынан үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевты бірауыздан толық қолдайтындықтарын білдіру үшін болған партия жақтастарының жиынын сайлауалды штаб басшысы Айбатыр Бекішұлы сөз сөйлеп ашты.

f

f 

Шарада сондай-ақ Аққыстау орта мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Лиза Мутянова, аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Ринат Есқали, ардагер мұнайшы, ақын Қожантай Сыдиқов, аудандық орталық аурухананың аға мейіргері Назым Идрисовалар халықты 9 маусымда болатын сайлауға шақырып, дұрыс таңдау жасауға үндеді.

Шарада аудан өнерпаздары әуелетіп ән шырқап, жиылғандарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

С.Мұратхан.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521