Нарынның жолы тақтайдай

Былтырдан бастап Жаңа Жанбай ауылына автокөлік жолы төселе бастаған еді.

Жалпы ұзындығы 4,2 шақырымды құрайтын ішкі жолдың 3,2 шақырымы ауылішілік жол да, қалған 1 шақырымы Нарын мен Жаңа Жанбай елді мекендерінің екі арасын жалғайды. «Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» мемлекеттік мекемесінің тапсырысына сай жүзеге асқан бұл жұмысты мердігер мекеме – «Атырауинжстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізді. Жол құрылысы жұмыстарының қаржыландырылуына байланысты өткен жылы негізінен ірі қайыршақ тасты қабаты төселіп, қалғаны биылғы жылдың еншісіне қалған-ды.

joln2

joln5

Енді міне, биыл аталған елді мекенге кірме жол салуды да қолға алып, қызмет қылып жатқан жолшылар ауылішілік жолдың ұсақ қайыршақты қабатын төсеп бітіріп, кешегі Конституция күні қарсаңында ауылішілік жолды толықтай пайдалануға берді.

joln7

Нарын ауылдық округі әкімі Рухолла Тәкенов ауылішілік жолдардың пайдалануға берілуі жүріс-тұрысты біраз жеңілдеткенімен бірге жарқыраған жолдардың ауылдың ажарын да кіргізе түскенін айтады. Алдағы уақытта қазір құрылыс жұмыстары жүріп жатқан ұзындығы 7 шақырымға жуық кірме жол да тапсырылса нарындықтардың қуанышы көбейгенінің бір көрінісі болмағы анық.

Жоламан ДӘУЛЕТИЯР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT