Өндірістегілер де өз дауыстарын берді

0 Votes

2024 жылғы 6 қазанда Компанияның шалғай өндірістік алаңдарында Қазақстанда атом электр стансаларын салу жөніндегі ұлттық референдумға NCOC компаниясының вахталық әдіспен жұмыс істейтін Қазақстан азаматтары қатысты.

NCOC компаниясының шалғай өндірістік алаңдарына Атырау облысындағы Батыс Ескенеде орналасқан «Болашақ» қондырғысы, Атырау облысындағы Қашаған кен орнының теңіз кешені және Маңғыстау облысының Түпқараған ауданында орналасқан Баутин базасы жатады.

Компания заңнама талаптарына сәйкес сайлау комиссиясының қарамағына шалғай өндірістік алаңдардың аумағында референдум өткізуге қажетті үй-жайларды, жабдықтар мен көлік құралдарын берді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT