ӨНДІРІСТІҢ ӨЗ АДАМЫ

 

ИНДЕР БАЙЛЫҒЫН ИГЕРІП ЖАТҚАН САНАУЛЫ ҒАНА КӘСІПОРЫННЫҢ БІРІ ДЕ БІРЕГЕЙІ – «ИНДЕР ГИПС» ЖШС. ІРГЕЛІ КӘСІПОРЫНДА ӨНІМ САПАСЫН АРТТЫРУ ҮШІН ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ТЕРЕҢ МЕҢГЕРІП, ӨЗ ІСТЕРІНІҢ ШЕБЕРІ БОЛЫП АЛҒАН ЖЕРГІЛІКТІ ЖІГІТТЕРДІҢ БОЛҒАНЫ ҚУАНТАДЫ. ОЛАРДЫҢ ІШІНДЕ ҚАЖЫРЛЫ ЕҢБЕГІМЕН АБЫРОЙ БИІГІНЕН ТАНЫЛЫП ЖҮРГЕН ЖЕРГІЛІКТІ ЖАС МАМАНДАРДЫҢ БІРІ – ДАНИЯР ТЕМІРОВ САМАТҰЛЫ.

«Индер гипс» ЖШС биыл жолым түскенде кәсіпорын директоры Нұртай Әлиев ұжымдағы болашағы зор, үздік қызметкерлердің бірі ретінде Данияр Саматұлын таныстырған болатын. Кейіпкеріміз Индербордағы «Көктем» қазақ орта мектебі мен көп бейінді ауылшаруашылық колледжін тәмамдаған.

Талдықорғанда Қытай елімен шекарада Отан алдындағы әскери борышын атқарған. Әскерден соң Орал қаласындағы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін еңбек қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау мамандығы бойынша тәмамдаған. Ауылда мамандығы бойынша жұмыс бола қоймағанымен, сол жылы «Индер гипс» кәсіпорнына қарапайым жұмысшы болып еңбек жолын бастаған.

Уақыт өте келе жұмысына тынды рымды, жауапкершілігі зор жасты ауысым басшысы қызметіне көтеріпті. Данияр Саматұлы жұбайы Амангүлмен бірге Рамазан және Хадиша атты кішкентайларын тәрбиелеп отыр. Әкенің жақсы ісіне қарап өскен ұл осылайша жас та болса бас болып, өзінің тынды рымды еңбегімен еленіп келеді.

 

С.САНСЫЗБАЙҰЛЫ

Индер ауданы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT