Жанбай ауылдық округінде орналасқан №135 сайлау учаскесі де сағат 7:00 де өз жұмысын бастады.
- Осы учаске бойынша сайлаушылар саны 1870, -дейді аталған сайлау комиссиясының төрағасы Ғимади Жиенғазиев. Сайлаушылардың ішінде мүгедектігі бар - 16 адам олардың арасындп арбаға таңылғандары - 3, зағип жандар - 8, есту қабілеті нашарлары -5.
Оларды өтініштеріне сайкес аталған сайлау учаскесі дауыс алуды ұйымдастырады.