Нұрсаядағы жаңа емхана құрылысының 60 пайызы аяқталды

Атырау қаласы Нұрсая ықшамауданында  облыстық Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының тапсырысымен бір ауысымда 250 келушіні қабылдай алатын жаңа емхана салынып жатыр. Үш блоктан тұратын үш қабатты ғимараттың жалпы аумағы — 1972 шаршы метр,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Бүгінде ішкі және сыртқы жұмыстарды қоса алғанда құрылыс 60%-ға аяқталған. Жұмыстарды «Бекболатовтар құрылыс компаниясы» ЖШС мердігер мекемесінің  арнаулы жеті техникасы мен 80-ге жуық жұмысшысы атқаруда. 

Мұнда алғашқы қабылдау, зертхана, балалар мен ересектерге арналған бөлімдер, толық медициналық қызмет көрсететін кабинеттер қарастырылған.

Жоба толықтай аяқталған соң 170 адам еңбек ететін болады, олардың қатарында 48 дәрігер мен 72 медициналық қызметкер бар.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT