Нұрлан Ноғаев Энергетика министрі болып тағайындалды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
«Нұрлан Асқарұлы Ноғаев Қазақстан Республикасының Энергетика министрі болып тағайындалсын, ол Атырау облысының әкімі қызметінен босатылсын» делінген құжатта.
Ноғаев мұның алдында Атырау облысы әкімі қызметін атқарған болатын.
Бұған дейін бұл қызметті Қанат Бозымбаев 2016 жылдан бері атқарған еді.
24.kz