Қоқысты шашып жатыр, иісі сасып жатыр

Мәселе «Мұнайшы» шағын ауданында болып тұр.

Түн баласы болса аулаға жиналып, сыра ішіп, таңға дейін әләуләйді басатын жастар қатарын санамай-ақ қойдық. Келім-кетімі көп бұл жерге күн шыққаннан кеш батқанға дейін ерсілі-қарсылы ағылатын қонақтар легін де есепке алмадық. Тек осы 700-дей тұрғынға лайықталған қатты тұрмыстық қалдықтар төгетін небары 4 контейнердің айналасы қашан көрсең де адам көргісіз күйде тұратыны шымбайға батқалы қашан? Өзім сол жерде тұрғандықтан, айналадағы ағайын «сен журналистсің ғой» деп мұң шағады үнемі. Олардың пікірінше, тек тұрғындар емес, айналадағы дүкендер мен дәмханалар да қалдық таситын санаулы ғана контейнерлер босағанына жарты күн өтпей жатып қайта толады екен. Таңертең балабақшаға бала әкеле жатып жол-жөнекей көлігінен қоқыс дорбасын да ала келетін, реті келсе контейнердің ішіне, орын болмаса сыртына лақтыра салатын сырттан келген қоқыс тастаушылардың да көмегімен толған қоқыс алаңы кешқұрым иістеніп, тіпті терезе маңындағы үйлерге терезе ашу түгілі, далаға шыға алмайтындай жағдайға апаратын көрінеді.

Оның айналасында топталып жиналатын бұралқы ит-мысықтардың жайы бөлек әңгіме. Сондықтан шұғыл түрде қосымша контейнер қойып, сонымен бірге оның айналасын берік тормен қоршап қоймаса, үнемі жатар мезгілде келіп, айналаны әлем-тапырақ жасап кететін үй жануарларының да қарасы қалың болып тұр.

Аслан МҰРАТҰЛЫ

Суретті түсірген Әбілмажан ШАРАПИДЕНОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521