Облыс әкімі Атырау қаласының тұрғындарымен кездесті

0 votes

Аймақ басшысы Серік Шәпкенов Еркінқала мәдениет үйінде Атырау қаласының тұрғындарымен кездесіп, ұсыныс-пікірін тыңдады,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Серік Шәпкенов қалада атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Атырау қаласының біраз бөлігі кәріз жүйесі жүйесіне қосылмаған. Бүгінде қуаты 31 мың текше метр тәулік кәріздік-тазарту имараты салынып жатыр. Ол елді мекендерді қаланың оң жағалауына қосуға мүмкіндік береді. Ал «Квадрат» сарқынды сулардың буландырғыш тоғанын тазарту бойынша жобаға түзету енгізілуде, құжаттары дайын болған соң жұмыстар қайта жалғасады.

Бұдан бөлек, Атырау қаласында тас жол салу мәселесі өзекті.

- Қаланың шет елді мекендеріне тас жол толық салынып, халыққа ыңғайлы қатынас орнады. Қазір қаланың 60км жолсыз көше бар. Оған жобалық-сметалық құжаттама жасалып, келер жылы аяқтау жоспарланды. Қаладағы көлік кептелісінің алдын алу мақсатында қолданыстағы автокөлік жолдарын кеңейту бағытында бірқатар жұмыс жүруде. Азаттық, Сырым Датов, Талғат Бигельдинов, Юрий Гагарин көшелері, «Атырау-Индер» тас жолы(0-10 км), Жастар-Еркінқала аралығы, Әбілқайыр хан даңғылынан Сарықамыс шағынауданы мен Жастар көшесіне дейінгі аралықты барлығы 22,1 км жолды кеңейту жоспарланды. Көктемгі тасқында қаланы судан қорғау үшін барлық күштік құрылым осы жұмыстарға жұмылдырылып, бүгінге дейін тек 8,7 км қайта жаңғыртылды. Келер жылы бұл мәселе толығымен шешеміз деп отырмыз,-деді С.Шәпкенов.

Облыс әкімі жиында қала тұрғындарын толғандырған мәселелерді тыңдады. Азаматтар кәріз желісін жүргізу, әлеуметтік нысандар салу, жол белгілерін қою сынды өзге де мәселелерді көтерді. Тұрғындар көтерген сауалдар өзектілігіне қарай Заң аясында кезең-кезеңімен шешілетін болады.

Кейін аймақ басшысы сала мамандарымен бірге азаматтарды қабылдап, жеке мәселелері бойынша сауалдарға жауап берді.

 

Облыс әкімі Серік Шәпкеновтің Атырау қаласының тұрғындарымен өткен кездесуі қала әкімдігінің Instagram, Facebook желісіндегі ресми парақшасында тікелей эфирде көрсетілді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT