Облыста білім беруді жаңғырту - жылдың басты тренді

Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ басқарма басшысының орынбасары Светлана Испусинова Атырау облыстық әкімдігінде облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменовамен кездесті.

Облыстың білім беру саласын жаңғырту бойынша құрылған жұмыс тобымен кездесуге Назарбаев Зияткерлік мектептері желісінің тәжірибе тарату департаменті бойынша аға менеджері Гүльмира Сыздықова және Педагогикалық шеберлік орталығының директоры Жанбота Қадбыкәрімова келді. Күн тәртібінде өңірдің білім беру саласын кешенді түрде жаңғырту және оқушылардың білім сапасын арттыру мәселелері қаралды.

whatsapp-image-2021-04-06-at-10_03_06

Атап айтқанда облыстағы жетекші және тірек мектептерде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» желісінің оқу-тәрбие жұмысының тәжірибесін тарату, мұғалімдердің кәсіби біліктілігн дамыту және түлектердің ҰБТ-гі нәтижелерін арттыруға арналған басым бағыттарға жоспарлы іс-шаралар бекітілді. Аймақта облыстық білім беру басқармасы ұсынған 50 мектепте мектеп басшыларының кәсіби құзыреттін кеңейту, сапалы кадрлық резерв дайындау жұмыстары жүргізілмек. Өңірде 11 мың мұғалімге кәсіби біліктілікті анықтау бойынша онлайн сауалнама әзірленуде. Сондай-ақ облыста информатика пәнінен 50 тренерді дайындау, 6 айлық бағдарламалау курсына сала мамандарын тарту көзделуде.

– Біз ұсынған 9 бағыт бойынша кешенді жұмыстар атқарылуы керек. Мұнда білім сапасын оң нәтижеге бағыттайтын негізгі тетіктер қарастырылды. Педагогтардың білімін жетілдіру, бағалау, PISA және Lesson Study бағдарламалары арқылы педагогтарды шыңдаудың маңыздылығы жоғары. Күрделі және ұзаққа созылатын бұл бағдарлама аясында мектептердегі қосымша білім беру, педагог-психологтар және ата-аналарды оқу-тәрбие процессіне қатысуына жағдай қарастырылады», - деді өз сөзінде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» басқарма басшысының орынбасары Светлана Испусинова.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521