Оқу жылы қарсаңында мектеп оқушыларының формасы мен сөмкесінің санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес болуы керек

фото: интернеттен

Жалпы оқушылардың денсаулығын сақтауда гигиеналық талаптарды ескере отырып таңдалған мектеп  формасы мен аяқ киім өте маңызды рол атқарады. Балалар мен жасөспірімдер киімдеріне қойылатын талаптар «Балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімдердің қауіпсіздігі туралы»  Кеден Одағының 007/2011 техникалық регламентімен айқындалады.

Оқушылар мектепте ұзақ уақыт өткізетіндіктен , олар мектеп костюмдерінде өзін өте ыңғайлы және жайлы сезінуі керек. Дұрыс таңдалған киім қажетті дене температурасын , ылғалдылықты және ауа өткізгіштігін қамтамасыз етеді. Мектеп формасы мен аяқ киім өлшеміне сай, әдемі ғана емес, сапалы, киюге ыңғайлы болу керек.

Құрметті ата-аналар, мектеп костюмдері мен аяқ киімдерін сатып алған кезде есіңізде болсын:

  • Гигиеналық талаптарда матаның құрамы маңызды роль атқарады және бұл үшін сатып алар кезде таңбалауды мұқият оқып шығыңыз
  • Мектеп формасының табиғи матадан тігілгені дұрыс: мақта, зығыр жүн т.б Баланың терісі синтетикалық матадан жасалған киіммен дем ала алмайды. Сол себепті оқушыларда жылу алмасуды бұзу нәтижесінд-терлеу және салқын тию жоғарылайды. Бұл суық тиюге әкелуі мүмкін.
  • Синтетикадан жасалған мектеп формасын киген кезде пайда болатын аллергия өте қауіпті. Мұндай киімге шаң мен әртүрлі микроорганизмдер тартылады. Егер ол баланың шырышты қабығына түссе, мұны бәрі аллергиялық бөртпе тудыру мүмкін
  • Балалар мен жасөспірімдердің тітіркенуі мен шаршауының себебі синтетикалық матадан жасалған киім киюді болуы мүмкін, өйткені олардағы статикалық электр энергиясының жиналуына ықпал етеді.
  • Мектеп формасынан қатты иіс те шықпауы керек. Егер матаның иісі жағымсыз болса, оның құрамында зиянды химиялық заттар болуы мүмкін.

Оқушының аяқ киімі өлшемі мен стилі бойынша аяқты деформацияламау керек.Балаңызға тым тар немсе бос аяқ киім сатып алмаңыз. Мектеп аяқ киімінің өкшесі 2 см-ден жоғары болмауы керек. Лакпен және резеңкеден жасалған аяқ киімді сатып алмаған жөн. Сонымен қатар сіздердің сатушылардан мектеп формасы мен аяқ киімге сәйкестік сертификатын сұрай аласыздар. Бұл оқушылар денсаулығының кепілі.

Ата-анаға оқушы сөмкесін дұрыс таңдау туралы ұсыныс.

Мектепте оқыған жылдары тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар саны 5 есе артады. Көбіне балалар мен жасөспірімдер дәрігерлерге арқа, бел, мойын, бас ауруымен, ұзақ жүру кезінде шаршауға шағымданады.Денедегі барлық осы белгілер омыртқа проблемаларымен және дұрыс емес қалыптың пайда болуымен , сондай-ақ ауыр немесе дұрыс таңдалмаған рюкзакттармен байланысты.Сатып алу кезінде міндетті түрде таңбалануына мұқият көңіл бөлу қажет. Өйткені таңбалау бөлігіндегі бұзушылықтар  жиі кездеседі.Сөмке қай елден, белгісіз, кім үшін, ол да белгісіз. Сондықтан Кеден Одағының техникалық регламентіне сәйкес міндетті түрде таңбалау болу керек. Ақпаратқа сай, тексерілетін, оқылатын және қол жетімді болу керек. Көптеген рюкзактарда таңбалауда пайдаланушының жасы, көрсетілгеніне көз жеткізіңіз. Егер мақсаты мен жасы көрсетілмесе, бұл балаға арналмаған өнім болуы мүмкін.Есіңізде болсын балаларға арналған өнімде сәйкестік туралы құжаты болуы керек. Сатушы сатып алушының сұрауы бойынша осындай сертификатты ұсынуға міндетті.

007/2011 КО ТР сәйкес сөмкелерді немесе рюкзактардың салмағы бастауыш сынып оқушылар үшін 700 г, жоғарғы сынып оқушылары үшін 1000 г аспауы тиіс. Рюкзак жасалған материал жеңіл, мықты, су өткізбейтін жабыны бар және тазалауға ыңғайлы болуы тиіс. Әр ата ана балалардың денсаулығына жауапкершілікпен қарап, салауатты өмір салтын сақтау қажет.

 

 

 

Исатай аудандық СЭББ басшысы                       

 Б.Картмаганбетова

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT