Оқушылар арасында тамақтан улану мен жіті ішек инфекцияларының алдын алу

Балалар мен жасөспірімдердің санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мақсатында тамақтан уланудың және жіті ішек инфекцияларының (ЖІИ) алдын алу – оқушыларды тамақтандыру саласында шаруашылық жүргізуші субъектілердің, заңды тұлғалардың, жеке кәсіпкерлердің негізгі міндеттерінің бірі екенін еске салады.

Мектеп асханасында тамақтандыруды ұйымдастыру барысында балалардың жаппай улануына жол бермеу, мектеп оқушыларының  тамақтануын дұрыс ұйымдастыру, олардың дұрыс өсіп-жетілуі , жалпы денсаулығына зиян келтірмеу бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Білім беру ұйымдарында тамақтан улану мен ЖІИ-нің негізгі себептері ас блогы қызметкерлерінің қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтамауы, атап айтқанда: жеке гигиена қағидаларын, тамақ дайындау технологиясын, тамақ өнімдерін сақтау ережелерін бұзу болып табылады. Санитариялық-эидемиологиялық қызмет тарапынан үнемі айтатынымыз ол үшін мектеп асханаларының жағдайы санитариялық талаптарға сәйкес болуы және бұл асханаларда дайындалатын тағамның қауіпсіз болуы тиіс.

Оқушылар арасында тамақтан улану мен ЖІИ алдын алу мақсатында:
- Білім беру объектісінде  санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларының болуы- азық-түлік өнімдері мен азық-түлік шикізатын олардың сапасы мен қауіпсіздігін куәландыратын құжаттарына көз жеткізген соң тұтынуға;- шикі өнімдер мен балаларға термиялық өңдеусіз тамақ әзірлеу үшін қолданылатын азық-түлікті сақтаудың бөлек шарттарын орындау. Тез бұзылатын өнімдерді (ет, балық, сүт, қышқыл сүт өнімдері және т. б.) дұрыс сақтау және уақтылы пайдалануға ерекше назар аударуға;- тағам дайындау технологиясын сақтауға;- стерильді ыдыстарға дайын тамақ өнімдері мен аспаздық тағамдардың тәуліктік сынамаларын алуды, оларды дайын тамақ өнімдеріне арналған тоңазытқыш жабдықтарында 48 сағат бойы +2 °C – +6 °C температурада сақтауды қамтамасыз етуге;- ас үй жабдықтары мен асхана ыдыстарын өңдеу режимдеріне қойылатын талаптардың сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.Мектеп оқушыларының тамақтануын ұйымдастыру кезінде "флотша" макарондарын, зельцтерді, форшмактарды, желкелерді, паштеттерді, фаршталған құймақтарды, күрделі (төрт компоненттен астам) салаттарды, майонез және қаймақ қосылған салаттарды, окрошкаларды, кремі бар кондитерлік өнімдерді, шала пісірілген жұмыртқа,қуырылған жұмыртқа,  өнеркәсіптік емес (үйде) дайындалған өнімдер және т.б. - эпидемиологиялық тұрғыдан қауіпсіз емес, белгілі бір жағдайларда балалардың тағамдық токсикоинфекциясын, ЖІИ тудыруы мүмкін болғандықтан тағамдық азықтарды дайындауға жол берілмейтінін естеріңізге саламыз.Қоғамдық тамақтандыру объектісінің қызметкерлері белгіленген тәртіппен мерзімдік медициналық тексеруден, гигиеналық оқытудан өтуге, жеке гигиена ережелерін сақтауға міндетті. Ішек дисфункциясы белгілері бар, сондай-ақ қолындағы жаралары бар қызметкерлер жұмысқа жіберілмейді. 
Оқушыларға сапалы және қауіпсіз тамақтандыруды ұйымдастыру, қызметкерлердің медициналық байқаудан уақытылы өтуі, нысанның санитарлық жағдайын қатаң бақылауға алу мектеп директорларының, мектеп асханаларын жалға алушы жеке кәсіпкерлердің міндеті болып табылады. Себебі баланың денсаулығы-бәрінен де маңызды.


Исатай аудандық санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының басшысы  Б.Картмаганбетова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT