Он бағыт оңға бастайды

Апта ішінде «Әлеумет плюс» ҮЕҰ-ның төрайымы Жанат Асабаева жетекшілік еткен ақпараттық-насихаттық топ Х.Ерғалиев ауылында болды.

Топ құрамында қоғам қайраткері, еңбек ардагері Нүриден Есмағанбетов, облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі, ардагер ұстаз Дәмен Алтаева, «Аналар үндестігі» ҮЕҰ-ның төрайымы Гүлсім Хантөреқызы болды. Топ мүшелері ауыл тұрғындарымен кездесіп, Елбасының биылғы Жолдауы бойынша кең түрде түсіндірулер жүргізіп, қатысушылардың қойған сауалдарына да жауап берді.

- Биылғы Жолдауға негіз болған маңызды бағыттардың бірі - мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру мәселесі. Бұл тиімділікті арттыру үшін жаңа технологиялардың маңызы зор. Сонымен қатар бизнесті қолдауға да ерекше мән беріліп отыр. Бизнестің дамуына кедергі болар мәселелерді барынша жойып, оларға қосымша мүмкіндік беру ескерілген. Демек, біз бұл мүмкіндікті тиімді пайдаланып, бизнес процестерін жеңілдетуіміз керек. Ауылдарда шағын бизнес көздерін ашып, әйелдер қауымы өз көйлектерімізді өзіміз тігіп кисек те табыс көзін табуға жұмыстанайық. Бұл дегеніңіз - әрі жұмыс көзі, әрі табыс көзі, - деді өз сөзінде топ мүшесі Гүлсім Биташева.

Айтқандай, бүгінде әлем Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономиалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеді. Жолдауда осыған бейімделу мен жетістікке жету жолын табу үшін не істеу қажеттігін айқындалды.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жасаған бұл жиырма екінші Жолдауы цифрлық дәуірге бейімделудегі негізгі он міндетті анықтап бергенімен құнды болып отыр. Және Жолдауда басымдық берілген 10 бағыттың әрқайсысы да біздің болашағымыз үшін маңызды. Облыстан келген насихаттық топ өз жұмыстарын тәмамдай келе, үстіміздегі жылдың қараша айында Жолдау бойынша қорытынды есеп берілетінінен де хабардар етті. Қамысқала ауылдық округінің әкімі Рафиғат Тәжиденова «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауды насихаттау барысында арнайы келген топтың мақсаты мен міндетіне тоқталып, үкіметтік емес ұйымдар арқылы Жолдаудағы маңызды жобаларды жүзеге асыруды насихаттау, халықтың жағдайын жақсартып, ел экономикасын арттыру бойынша келелі әңгімелер айтты.

Анаргүл ҚҰСАЙЫНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521