Өңір басшысы праймеризге қатысушыларды марапаттады

«Атырау облысының әкімі бір топ праймеризге қатысушыларды марапаттады» деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Өңір басшысы Махамбет Досмұхамбетов өткен праймериздің негізгі мақсаттары мен міндеттеріне тоқталып, облыс атынан қатысқан барлық үміткерлерге өз алғысын білдірді.

810acim

- Праймериздің негізгі мақсаты – партияішілік сайлауда өндіріп іс жасайтын, ел алдына шығар көшбасшыны таңдау. Праймериздің міндеті – «Мықты лидерлер - Мықты партия» қағидаты бойынша шынайы және мықты көшбасшыларды партия қатарына тарту, белсенді және бастамашыл азаматтар үшін «әлеуметтік лифт» құру. Бастапқыда туындаған кейбір күдік пен күмәнге қарамастан, праймериз өте қарқынды да тартысты өтті. Әсіресе, додаға қатысқандар арасында жастар мен әйелдер қатары мол. Осынау айтулы шараға қатысқан барша үміткерді шын жүректен құттықтаймын, - деді облыс әкімі.

810prai

Сондай-ақ, шара барысында аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов республикалық «Biz Birgemiz» акциясына қатысып, COVID-19 індетіне қарсы күресте зор үлес қосқан кәсіпкерлерге «Халық алғысы» медалін табыс етті. Өз кезегінде, партияішілік іріктеуге қатысушылар алғаш рет қолға алынған саяси бәсекеден үлкен тәжірибе жинағандарын жеткізді. - Осындай үлкен додада бақ сынап, өз қабілетімізді шыңдағанымызға қуаныштымыз. Праймериз жастарға, әсіресе, көпбалалы аналарға үлкен мүмкіндік берді. Өз басым үлкен тәжірбие жинадым деп айта аламын. Себебі, осы дода барысында көптеген мәселелер қозғап, халықтан қолдау таптық, - дейді праймеризге қатысушы кәсіпкер Малика Жұмағалиева.

8malica

Айта кетейік, облыста праймериздің бірінші кезеңі бойынша сайлаушылардың дауысын есептеу жұмысы толықтай аяқталды. Төрт күн бойы «Праймериз» ақпараттық жүйесінде тіркелген мүшелерінің 22 549-ы немесе 94,4 пайызы дауыс беруге қатысқан. Оның ішінде 22 322 партиялық онлайн-форматта дауыс берсе, 227 нұротандық дәстүрлі түрде қағаз бюллетеньмен таңдауын жасады. Бұл ретте аймақ басшысы онлайн түрде дауыс беруде ел бойынша жоғары белсенділік танытқаны үшін партия мүшелеріне арнайы алғысын білдірді. Сонымен қатар, праймериз бойынша бақ сынағандардың 35,4 пайызы әйелдер болса, 37,6 пайызы 35 жасқа дейінгі жастар болғанын, ал қатысушылардың орташа жасы — 38 екенін айрықша атап өтті.

8102prai

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Яндекс.Метрика