Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Достық үйіне барып, аймақтағы этномәдени бірлестіктердің жұмысымен танысты.
Бұл туралы Атырау облысы әкімдігінің әлеуметтік парақшасында жарияланған.
ҚХА Атырау облысындағы хатшылығының меңгерушісі Гүлмира Шәкірованың айтуынша, өңірде 19 этномәдени бірлестік жұмыс істейді. Олардың бәрі де жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісімнің дамуына үлес қосуда. Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастыратын барлық шаралар халық бірлігі мен бейбітшіліктің, достықтың нығаюына бағытталған.
Қоғам бірлігінің маңызды факторы - мемлекеттік тілді - қазақ тілін білу. Сондықтан, Ассамблеяның облыстағы өкілдігі осы бағытта жұмыстар атқаруда. Мысалы, көп жастар ұлты басқа болса да, қазақ тілін үйренуде.
Аймақ басшысы Достық үйін аралады, ғимаратта «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесі мен этномәдени бірлестіктер жұмыс істейді. ЭМБ жетекшілері облыс әкіміне халықтар бірлігін нығайтуға арналған жұмыстарды таныстырды.
- Атыраудағы алғашқы кездесуім Қазақстан халқы Ассамблеясымен болған еді. Мерекелік салтанатта. Бізде ұлтаралық қақтығысқа негіз жоқ. Бірақ әсіресе жастар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу артық етпейді. Өзара қарым-қатынастың тарихы тереңде, оны қадірлей білуіміз керек. Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын құндылықтардың бағасын білуге тиіспіз,-деді Махамбет Досмұхамбетов.
Этномәдени бірлестіктердің жетекшілері аймақ басшысына алдағы жоспарлары мен шешімін күткен мәселелер туралы айтты.