Онлайн бюджеттік мониторинг – тиімді бақылау құралы

Сурет ғаламтордан

 

Атырау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментімен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің «Онлайн бюджеттік мониторинг» модулінің функциясын күшейтуге қатысты тапсырмасына негізінде денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларына және білім беру ұйымдарымен бюджет қаражатының жұмсалуына бақылауды жетілдіру және қаржылық бұзушылықтың алдын алу аясында «Онлайн бюджеттік мониторинг» ақпараттық жүйесімен жұмыстар жүргізілуде. Бұл жүйе шынайы уақыт режимінде кемшіліктерді жедел анықтап, оны болдырмауға септігін тигізеді және осы арқылы қаржылық ашықтық қамтамасыз етіліп, тәртіп деңдейі артады.

Бұл мониторингтің тиімділігі мемлекеттік аудит объектілеріне шықпай, электронды түрде қаржылық бақылаудың ден қою хаттарын жолдау арқылы жедел шаралар қабылдауға, бюджет қаражатының негізсіз пайдалануға, жымқыру фактілерінің алдын алуға мүмкіндіктер беріледі.

Бүгінде тәуекелдерге негізделген бақылау жүйесі арқылы бірқатар заң бұзушылықтар анықталды. Олардың қатарында есептеулерді негізсіз артық жүргізіп, артық қаражат аудару, 1С бағдарламасы арқылы қате төлемдер жасау, бірнеше тұлға атынан бірдей карт-шоттарға қаражат аудару, жеке сәйкестендіру нөмірлерін (ЖСН) қате енгізу арқылы бюджетке зиян келтіру жағдайлары бар.

Аталған кемшіліктердің салдарынан жалпы сомасы 90,4 миллион теңгеге жуық қаржылық бұзушылық тіркеліп, соның 64 миллион теңгеден астамы бюджетке қайтарылды. Атап айтқанда, білім беру ұйымдары бойынша 77,8 млн теңге көлемінде бұзушылық анықталып, 52 млн теңгесі бюджетке өндірілді. Мәдениет және спорт салаларында 2,8 млн теңге заңсыз төлемдер бюджетке қайтарылды. Денсаулық сақтау мекемелерінде 10,5 млн теңге көлеміндегі бұзушылықтың 9,9 млн теңгесі қайта қалпына келтірілді.

Бұл деректер бюджет қаражатын бақылауда ұстаудың маңыздылығын айқын көрсетеді. «Онлайн бюджеттік мониторинг» жүйесі нақты әрі нәтижелі жұмыс құралына айналып отыр. Департамент бұл бағыттағы жұмыстарды тұрақты түрде бақылауда ұстап, бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған мониторинг жүргізуді жалғастырады. 

Мемлекеттік қаржының әрбір теңгесі ел игілігіне жұмсалуы тиіс. Сондықтан да цифрлық бақылау тетіктерін жетілдіру арқылы ашықтық пен әділеттілікке қол жеткізу - басты мақсаттардың бірі болып қала бермек.

 

Саягүл САПАРОВА, 

Атырау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті жоспарлау, талдау, есептілік және сапаны бақылау бөлімінің басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT