Оқу бағдарламасына жаңа пән енгізу ұсынылды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев білім бағдарламасына жаңа пән енгізуді ұсынды, - деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бүгін агенттіктің кеңейтілген алқа мәжілісінде мекеме басшысы өткен жылдың қорытындысын жасап, алдағы мақсат-міндеттерге тоқталды. Осы орайда Шпекбаев жеморлықтың зиянын түсіндіру және адал қоғамды қалыптастыру шараларына баса назар аударды.

"Мәселен, Transparency Kazakhstan-ның қолдауымен жеморлыққа қарсы жазғы мектептер тұрақты түрде жұмыс істей бастады. Бүгінде ол мектептердің саны 4 мыңға жуықтады" дейді Шпекбаев.

Бұдан бөлек, оның айтуынша, тоқсан сайын "Адалдық сағаты" республикалық акциясы ұйымдастырылады.

"Инфрақұрылым да жасалып жатыр. Адалдық дүкендері мен киоскілері ашылуда. Барлық оқу орнында "Адалдық негіздері" деген міндетті пән енгізетін уақыт келді деп ойлаймын" деп түйіндеді Шпекбаев.

Оның пікірінше, жаңа пән енгізудің арқасында білім мекемелерінде тәрбие жұмыстары күшейеді. 

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Яндекс.Метрика