Оқу орнындағы қауіпсіздік – өзекті жайт

Тараз қаласындағы №6 мектебіне іргелес аумақта орналасқан дәретханада бұрын сотты болған қара ниетті қаскүнемнің 7-сынып оқушысын зорлау дерегі жұртшылықты селт еткізді.

Аталған қылмыстың орын алу себебі мектептегі полиция инспекторының тарапынан оқу орнындағы қауіпсіздіктің жағдайына бақылаудың болмауы, оқу орнының әкімшілігі тарапынан оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдамауы (мектеп аумағында бөгде адамдардың болуына жол беру), сондай-ақ мұғалімнің тарапынан өзінің педагогикалық міндеттеріне тиісінше қарамауы (жәбірленуші оқушының сабақта 50 минуттан астам уақыт болмауы) болып табылған.

Осыдан кейін, оқу орындарында, сондай-ақ оқу барысынан тыс бос уақытын өткізу уақытында оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Ішкі істер министрінің тарапынан болған арнайы нұсқау талаптарына байланысты аудандық полиция бөлімі де оқу орындарында оқушылармен, ата-аналармен және педагогикалық ұжыммен кездесу, онда бар проблемалық мәселелерді анықтау және ұйымдастырушылық-практикалық шаралар қабылдай отырып, оқу орындарында оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін талқылау үшін білім беру мекемелері басшыларымен жиын өткізуді қолға алды.

polmec

Бейсенбі күні аудандық полиция бөлімінің мәжіліс залында өткен жиынға аудандағы барлық мектептер директорлары мен балабақшалар басшылары қатысты. Онда бөлім бастығы, полиция подполковнигі И.Бекқалиев жиынның мақсатына жан-жақты тоқталса, аудандық полиция бөлімі ЖПҚб-нің ЮПТ аға учаскелік инспекторы, полиция майоры А.Телеубаева хабарлама жасап, нұсқауға сай білім беру ұйымдарының бейнебақылау камералары мен мектеп әжетханаларының тексерілуі қорытындыларын баяндады.

mpoll

Қаралып отырған мәселеге орай аудандық білім бөлімінің басшысы Г.Құрманғалиева да өз ой-пікірімен бөлісіп, мектеп басшылары Ш.Сисенғалиева, Т.Исмагулова және басқалары жергілікті жердегі жағдай, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде қолға алынуы тиіс шаралар жөнінде ұсыныс-тілектерін білдірді, орын алып отырған кейбір олқылықтарды бірлесе талқылап, оң шешімін табуды ойласты.

Жоламан Дәулетияр

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521