Оқушылар қашықтықта «Мәңгілік полк» акциясын өткізді

Жыл сайын Жеңіс күніне орай Атырауда Ұлы Отан соғысында қаза болған жауынгерлерді ұлықтау мақсатында «Мәңгілік полк» акциясын өткізу игі дәстүрге айналған.

Алайда биыл пандемияның салдарынан көпшіліктің қатысуымен өтетін мерекелік шеру өткізілмеді.

Атыраудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары алғаш рет қашықтықта «Мәңгілік полк» акциясын өткізді. Оқушылар соғысқа қатысқан ата-әжелерінің суреттерімен фотоға түсіп «Мәңгілік полк» хэштегімен жазбаны жаппай желіге жүктеді. Барлығы 40-тан астам оқушы қатысқан акция әлеуметтік желілерде жария тапты.

«Әрине, бұл акция дәстүрлі шеруден едәуір өзгерек. Соған қарамастан біздер оқушылардың бойында майданға қатысқан соғыс ардагерлеріне құрмет көрсету, олардың еңбегін бағалау және патриоттық сезімді ұялату мақсатында ұйымдастырған жайымыз бар» дейді Атыраудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз хатшысы Ануар Джаманкулов.

Қашықтықтағы «Мәңгілік полк» акциясы Назарбаев Зияткерлік мектептері желісінде ұйымдастырылған «Отан үшін от кешкен батырдың біз ұрпағымыз!» атты мерекелік марафоны аясында өтіп отыр. Мамыр айының басында бастау алған марафон барысында зияткерлік мектептердің әлеуметтік желілердегі ресми парақшасына мыңнан астам Ұлы Жеңіске қатысты деректер мен естеліктер жарияланған. Отан үшін өмірін сарп еткен сарбаздардың ерлігін насихаттауға арналған мерекелік марафон келесі жылы өз жалғасын табатын болды.

Мәліметтер мен суреттер мектеп баспасөз қызметімен ұсынылды

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521