Орамал тағу эстафетасына қатыстыңыз ба?

Әлеуметтік желінің тиімді жақтары да жоқ емес. Олай деуге себеп, кейбіріне қарап шынымен сүйсінесің.

Айтайын дегенім, инстаграмда біраздан бері орамал тағу эстафетасы жүруде.

Онда қыз-келіншектер бір-біріне орамал тағып түскен фотоларын инстаграм сторисінде жариялауды жалғастыруды ұсынып, қайсыбірі сол үшін сурет таппай әуреге түскені де бар. Сторис түсірудің сан түрін игерген кейбір келіндердің желідегі әсем суреттерін көріп, жақсы үрдістің басталғанын біз де қоштадық.

Негізінде, орамал – ана екеніңді, біреудің Құдай қосқан жары екеніңді, ақ-адал ниетпен аттаған шаңырағың бар екенін білдіретін белгі. Оның басты қасиеті де осында жатса керек. Бүгінде көпшілік орындарда, көшеде, үйде, түрлі мекемелерде басымызға қазақы әдеппен орамал тартып жүрмейміз. Болса да өте сирек кездеседі.

- Мына эстафета біраз келіндерге ұнап қалды. Орамал тартып түскен фотомызды іздеп, архив қопарып кеттік. Одан кейін гүл ұстап түскен фото керек деп шықтық. Бірақ екі эстафета да жағымды әсер қалдырды, - дейді қамысқалалық жас келін Әйкен Уахитова.

Кешегі аталарымыз бен әжелеріміздің ақ жаулықты қадірлей білгендерінің себебі мен астарына үңіліп, бабалар үрдісін жалғай түссек, туымыз жығылып қалмас. Сіз орамал тағу эстафетасына қатыстыңыз ба?

Анаргүл ҚҰСАЙЫНОВА

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21