Оразада азық-түлік бағасын он пайызға арзандатуға шақырамын - Бас мүфти

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ел кәсіпкерлеріне үндеу жасады, деп хабарлайды ATPress.kz.

Онда Бас мүфти қасиетті Рамазан айында кейбір азық-түлік түрлерін арзандату жайында ұсынысын білдірді.

«Еліміздегі кәсіпкер азаматтарды қасиетті айдың құрметі үшін халқымыздың тұрмыс жағдайын ескеріп, әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен азық-түлік бағасын мүмкіндігінше 10 пайызға дейін төмендетіп, жеңілдік жасауға шақырамын» деді ол.

Еске сала кетейік, биылғы Рамазан айы 2 сәуірде басталып,  1 мамыр күні аяқталады. 

ATPress.kz

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT