Отбасы күні аталып өтті

 

Бүгін Отбасын қолдау орталығының ұйымдастыруымен  15 мамыр - Халықаралық отбасы күніне орай Мақат балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде «Әкем, анам және мен - біз шынығамыз спортпен» атты спорттық шара өтті.

Отбасылық бірлікті нығайтып, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған шараға аудандық мекеме қызметкерлі жанұяларымен қатысып, өзара бақ сынасты.

 

 

 

 

Алдымен сөз алған аудан әкімінің міндетін атқарушы Әсел Шайзадақызы жиналған көпшілікті отбасы күнімен құттықтап, жарысқа қатысушы жанұяларға сәттілік тіледі.

 

 

 

Әрі қарай сайыстың таныстырылым кезеңі өтіп, отбасылар бес кезең бойынша тартысты ойын өрнегін көрсетті.

 

 

 

Нәтижесінде I орынды Жылқыбаевтар отбасы, II орынды  Әлімғалиевтар отбасы, III орынды Жалғасбаевтар отбасы иеленіп,  арнайы дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

                                                                                                                 

         Г.Жұбанышқалиева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT