Исатай ауданының әкімі Полымбет Хасанов аудан орталығындағы №133 референдум учаскесіне келіп, дауыс берді.
Бізбен тілдескен аудан басшысы бүгінгі күннің ел тарихында алар орны ерекше екенін атап өтті.
- Бүгін барша қазақстандықтар үшін маңызды күн. Еліміздің барлық өңірінде референдум өтіп жатыр. Референдумның қорытындысында халықтың дауыс беру нәтижесі 50 пайыздан жоғары болса, Конституцияға өзгеріс енгізуге шешім қабылданады. Нақтырақ айтқанда, Ата заңдағы 33 бапқа өзгеріс енетін болады деп күтілуде. Бұл өз кезегінде еліміздің жан-жақты дамуына жол ашады, - деді аудан басшысы.