"Жолаушылар тасымалы" АҚ барлық коммерциялық "Talgo" пойыздарына 35% дейін жеңілдік тағайындалғанын хабарлады.
- № 19/20 "Нұр-Сұлтан-Атырау" бағыты;
- № 712/711 "Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол-Шымкент" бағыты;
- № 95/96 "Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол-Орал" бағыты;
- № 29/30 "Алматы-2-Атырау" бағыты;
- № 51/52 "Алматы-2-Орал" бағыты;
- № 69/70 "Алматы-2-Өскемен" бағыты;
- № 701/702 "Алматы-2- Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол" бағыты;
- № 705/706 "Алматы-2-Петропавл" бағыты.
Ұлттық тасымалдаушы жол жүру құжатын (билет) BILET.RAILWAYS.KZ сайтынан немесе мобильді қосымшаны пайдаланып, сондай-ақ интернет ресурстары мен өзіне-өзі қызмет көрсететін терминалдар арқылы сатып алуларын сұрайды. Сондай-ақ жолаушыларға санитария-карантин талаптарын, тиісті ара қашықтықты (1 метрден кем емес), вокзал аумағында және пойыз ішінде бетперде киіп жүру режимін қатаң түрде сақтау қажеттігін ескертеді, - делінген ҚТЖ баспасөз қызметі ақпаратында.
Фото: ашық дереккөз