Пойызда артық жүкке ақша төлейсіз

Елімізде енді пойыз жолаушылары қол жүгінің артық салмағы үшін қосымша ақы төлейтін болады. Жаңа талап әзірге арнайы жүк салғышы бар пойыздарға қолданылады.

«Қазақстан темір жолы» бекіткен ережеге сәйкес, “Тальго” пойыздарында қол жүгі үш жақты көлемі 150 см және 25 келіден аспауы тиіс. Басқа вагондарда – 35 келіге дейін, үш жақты көлемі 200 см-ден аспау керек. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің PR-менеджері Сара Сахынбек хабарлады.

Белгіленген нормадан асқан әр келі үшін шамамен 60 теңге төленеді. Жолдың ұзақтығына қарай төлемақы да өзгереді.

Бұл талаптың мақсаты – жолаушылардың қауіпсіздігі мен қолайлы жағдай жасау және вагон ішіндегі тәртіпті сақтау. Сондай-ақ жүгін жолсерікке рәсімдемей беруге қатаң тыйым салынбақ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT