Президент Атырау-Астрахан тасжолы жайлы не айтты?

Елдің мұңы – жолдың жыры. "Атыраудағы басты мәселе не?" десе, тұрғындардың қосылып айтатын шағымы шұрық-тесік, тозығы жеткен тасжол болатынын бәрі біледі.

Кеше Мемлекет басшысы Атырау облысына келді дегенді естіген атыраулықтардың бірінші сауалы "Қай жерлерді аралайды екен?" болғаны анық. "Жол жайында не айтып қалар екен?" деген сұрақ та көптің көкейінде-тұғын.

Айтқандай, ел Президенті Атыраудағы іссапарында өңір тұрғындарымен кездесіп, "Атырау-Астрахан" тасжолын кешіктірмей аяқталуы тиіс деп атады. Бұл туралы ATpress.kz былай деп жазады: - "Атырау – Астрахан" трассасын қайта жаңарту және кеңейту 2021 жылдан кешіктірілмей аяқталуы тиіс. Бүгін республикалық бюджеттен 60 км. учаскені қайта жаңартуға 26 млрд. теңге бөлінді. Мемлекеттік атқарушы органдар жол жұмыстарының орындалуына мұқият бақылау жүргізуі қажет, - деп мәлімдеді».

Ал, ҚР Президенті баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің фейсбук желісіндегі парақшасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Атырау жұртшылығымен кездесуінде жолдың сапасы жөнінде сөз қозғағанын айтады. "Нағыз сапалы жол қандай болуы керек? Ең алдымен, сол жолды пайдаланатын тұрғындарды діттеген жеріне жылдам апаратын қауіпсіз жол болуы тиіс. Жөнделген жолдың саны емес, сапасы маңызды! Әкімдіктердің жұмысын осы талапқа сай бағалайтын боламын" деп атап көрсетті Президент" делінген парақшада.

С.Панабердиев

Сурет ашық дереккөзден алынды

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521