Президент аутизмге шалдыққан балаларға қолдау көрсету мәселесін талқылады

 

Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтай отырысындағы сөзінде аутизмге шалдыққан балаларға қолдау көрсету мәселесіне тоқталды.

«Соңғы екі жылда бірқатар қалада (Семей, Тараз, Кентау, Орал) ерекше қажеттілігі бар адамдарға арналған заманауи оңалту орталықтары бой көтерді. 2026 жылдың аяғына дейін Ақтөбеде, Атырауда, Көкшетауда, Шымкентте және Талдықорғанда дәл осындай орталықтар ашу қажет", - дейді президент.

 

 

Ал бүгінде Атырауда 60-қа жуық  бала оңалту орталығынан тегін ем қабылдап жатыр.  «Қамқорлық» оңалту орталығы бір мезгілде 1 жастан 18 жасқа дейінгі 50-ге жуық баланы тәулік бойы, сондай-ақ күндізгі стационарға қабылдай алады. 

 

 

Орталық оңалтудың әртүрлі бағыттары бойынша және неврология, кардиология, травмоортопедия және нейрохирургия бағыттары бойынша жұмыс істейді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT