Президент мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны тағайындады

 

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны тағайындау туралы өкімге қол қойды. 

Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия әдебиет қайраткері Ілия Жақанов пен өнер қайраткері Мұханғали Томановқа берілді.

  • Ілия Жақанов - 1936 жылы туған, көрнекті музыкатанушы, өнертанушы, «Қазақстанның Еңбек Ері» атағының, «Отан» және «Парасат» ордендерінің, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағының иегері.
  • Мұханғали Томанов – 1973 жылы туған, режиссер,«Құрмет» орденінің иегері.

Жыл сайын тағайындалатын бұл стипендия – мемлекеттің мәдениет және өнер қайраткерлеріне, шығармашылық қызметкерлеріне және жас дарындарға қолдауы мен қамқорлығының айғағы. Сондай-ақ олардың ұлт мәдениетін өркендетіп, әлемге танытуға қосқан елеулі үлесіне көрсетілген құрмет.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT