АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысы Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровті қабылдады. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.
— Қасым-Жомарт Тоқаевқа республикалық референдумды ұйымдастыру және дайындық жұмыстары туралы мәлімет берілді. Президент референдумды өткізу барысында ашықтыққа, заңдылыққа және барлық азаматқа тең жағдай жасау қажет екеніне баса назар аударды, — делінген хабарламада.



