Президент Жолдауы телеарналардан тікелей эфирде көрсетіледі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы республикалық телеарналар тікелей эфир арқылы көрсетіліп, негізгі радиостанциялар тікелей толқында таратылады.          

Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ертең, яғни, 1 қыркүйек күні сағат 11:00-де Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын жариялайды. Жолдауды республикалық телеарналар тікелей эфир арқылы көрсетіп, негізгі радиостанциялар тікелей толқында таратады», - деп жазды министр.

Еске салсақ, ертең Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдау жасайды. Жолдауда елдің алдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттары туралы айтылады.

inform.kz





ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT