Президенттің жер қойнауын игеруге қатысты бастамалары инвестицияларға жол ашады - Әбілфас Хамедов

Парламент Мәжілісінің депутаты, Қазақстандағы әзербайжандықтар қауымдастығының төрағасы Әбілфас Хамедов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауындағы бастамалардан не күтетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысының Жолдауда айтылған бастамаларын толықтай қолдаймыз. Пандемия кезеңінде шағын және орта бизнес әлеуметтік тұрғыдан қолдауды қажет етеді. Ол қолдаудың қаншалықты маңызды екенін көріп жүрміз. Халық та, шағын бизнес өкілдері де қолдаудың ауадай қажет екенін айтуда. Білім саласында да, құрылыс саласында да, мұнай өңдеу және өндіру саласында да тың бастамалар көтерілді. Совет одағы кезінен бері кен барлау мәліметтерінің көбі құпия ұсталғаны жасырын емес. Жер қойнауындағы байлық елдің дамуына толық пайдаланылған жоқ деуге болады. Енді сол карталар құпиясыздандырылмақшы. Осының арқасында Қазақстанға инвестиция көптеп келеді деп ойлаймын», - деді Мәжіліс өкілі Қазақстан Халқы Ассамблеясының ұйымдастырумен өткен дөңгелек үстелде.

Сонымен бірге, ол құрылыс ҚХА атынан сайланған Мәжіліс депутаттары Мемлекет басышсының Жолдаудағы бастамаларын заңнамалық тұрғыда қолдауға дайын екенін атады.

«Өзім құрылыс саласының өкілі ретінде мынаны айта аламын. Бұл сала да қазір заман талабына сай бейімделіп, көптеген бөлігін қайта мамандандырып жатыр. Бүгінде құрылыстың форматы өзгергенін көріп отырмыз. Азық-түліктің қымбаттағаны туралы сын көп айтылып жүр. Ал құрылыс материалдары 100 пайызға дейін қымбаттады. Бұл мәселеде Үкіметтің экономикаға араласуы қажет болып тұр. Халық лайықты баспанаға қол жеткізсін десек, бағаны реттемей болмайды. Біз, Қазақстан Халқы Ассамблеясының атынан сайланған депутаттар осы мәселелердің шешімін табуына заңнамалық тұрғыда үлес қосуымыз керек», - деді Әбілфас Хамедов.

inform.kz

 



ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT