Жалпы инфекциялық аурулардан қорғау үшін алдын-ала егу - инфекциялық аурулармен күрестің ең тиімді әдісі.
Халыққа профилактикалық егуді жүргізу үшін елімізде тіркелген және қолдануға рұқсат берілген иммундық жүйе арқылы емдік және профилактикалық әсер ететін иммундық- биологиялық препараттар пайдаланылады. Профилактикалық екпелер "Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде оларға қарсы міндетті профилактикалық екпелер жүргізілетін аурулардың тізбесін, екпелерді жүргізу қағидаларын, мерзімдерін және халықтың профилактикалық екпелерге жататын топтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 612 қаулысымен бекітілген мерзімдерде жүргізіледі.Вакциналар белсенділігі жойылған вакцина, тірі вакцина,сонымен қатар бір жұқпаға қарсы және құрамында бірнеше инфекцияға қарсы біріктірілген түрлері бар. БЦЖ-туберкулезге қарсы вакцина, 1-4 күні жүргізіледі. ВГВ - «В» вирусты гепатитке қарсы вакцина- 1-4 күні, 2 айынан бастап 4 айға дейін аралас гекса, пента вакциналарымен көкжөтел, дифтерия, сіреспеге ,полиомелитке, гемофильді инфекцияға, вирусты гепатитке және пневмококкқа қарсы екпе жасалады.
12-15 айларында полиомелитке , пневмонияға қарсы , қызылша, қызамық, паротитке қарсы екпе жасалады. Қызылша, қызамық, эпид паротитке қарсы ревакцинация 6 жасында жүргізілді. 18 айында- гемофильді инфекцияға, вирусты гепатитке , көкжөтел, дифтерия, сіреспе, полиомелитке қарсы екпе жасалады. «А» вирусты гепатиті 2 жас және 2 жас 5 айда екпе жасалады. 16 жаста – сіреспе мен дифтерияға қарсы екпені әр 10 жыл сайын қайталап тұру қажет.
Сонымен бірге Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 20 ақпандағы №102 қаулысымен медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жоспарлы профилактикалқы егулер жүргізілетін аурулардың тізбесіне өзгерістер енгізілген болатын. Яғни жоспарлы профилактикалық егулердің тізбесі адам папиллома вирусынан туындаған ауруға қарсы вакцинациямен толықтырылды. Оған себеп елімізде жатыр мойны обырынан қайтыс болу дерегі жыл сайын көбейіп баралы. Яғни бұл қауіпті дерттен қорғанудың тиімді және қауіпсіз әдісі бұл вакцинация! Жыл сайын Қазақстанда жатыр мойны обырының 1600-ге жуық жаңа жағдайы тіркеледі, бұл аурудан 500-ден астам әйел қайтыс болады.Жатыр мойны обыры - Қазақстандағы әйелдердің өлімінің басты себебінің бірі. Ол Қазақстан әйелдері арасында қатерлі ісік жөнінен сүт безі обырынан кейінгі екінші орында тұр. Вакцинациялау 11 жастағы жасөспірім қыздарды 6 ай аралығымен екі рет жүргізіледі.
Барлық екпелер егілетін адамнан немесе баланың ата-анасынан вакцинация жүргізуден хабардар екені жөнінде келісім алғаннан кейін республикалық бюджет қаражаты есебінен тегін жүргізіледі.Тек алдын ала егу арқылы баланы полиомиелит, дифтерия, көкжөтел, туберкулез, сіреспе, В гепатиті, қызылша, эпидемиялық паротит, қызамық сияқты қауіпті аурулардың алдын-алып балаларымызды қорғай аламыз. Қазіргі таңда еліміз екпелердің нәтижесінде полиомиелит ауруынан азат ел болсақ, соңғы бірнеше жыл ішінде балалар арасында гепатиттер, көкжөтел, қызамық, паротит аурулары аздап тіркелуде. Бүгінгі күні екпелерден, оның ішінде балалардың ата аналарымен бас тартулар күннен күнге көбеюде. Егуден бас тартпас бұрын емдеу мекемесінің қызметкерлерінен егудің маңыздылығы, егуден бас тартқан жағдайда, оның салдары неге әкеліп соғатынын біліп, толық ақпарат алған жөн. Мысалы, эпидемиялық паротит жеңіл инфекция деп саналатын менингит, панкреатит, орхит (аналық бездің қабынуы) сияқты ауруларды тудыруы мүмкін, оларға еркекте бедеуліктің барлық жағдайларының төрттен бір бөлігі себеп болады.Сондай-ақ, балаларда оңай өтетін қызамық энцефалиттің себебі болып табылады. Жүкті әйелдің (алғашқы 3 айында) қызамық ауруы ең қауіпті: бала туа біткен қызамық синдромымен туылуы мүмкін, яғни туа біткен жүрек ақаулары, орталық жүйке жүйесі, сезім мүшелері болуы мүмкін. Ал полиомиелит ауруында бала мүгедек болып қалуы әбден мүмкін. Қызылша ауруы асқынулар энцефалит, вирусты гепатитте бауыр зақымдалып, циррозға немесе қатерлі ісікке алып келеді. Ал цирроз бен қатерлі ісік, білесіздер, өлімге әкелуі мүмкін. Қызылшаның алдын алудың негізгі және ең тиімді құралы-екпе алу.Жоғарыда айтылғандай, қызылшаға қарсы жоспарлы түрде 12-15 айда және қайта егуі 6 жаста қызылшаға, қызамық, паротитке қарсы біріктірілген вакцина жүргізіледі
Дәрігер вакцина салынбастан бұрын баланы емханада тексереді, екпе салғаннан кейін де 30 минут бақылайды. Екпені кез келген медициналық қызметкер жүргізбейді. Жыл сайын аттестациядан өткізілген медбике екпені жүргізеді және арнайы екпе кабинетінде жүргізеді. Екпе егер алдында бала дәрігерге қаралады. Екпеге келген баланың денсаулығына баға береді. Егер шағымдары болмаса екпе егуге рұқсатын береді. Ата-аналардың келісімін алып екпелерін тиісті жүргізеді. Денсаулықтарында ақау болса, уақытша немесе мүлдем екпеге қарсы көрстелімдері болса, екпеге қарсылық білдіріліп, бақылауда ұсталады. Екпе алғаннан кейінде балалар медициналық бақылауда болады.
Балаңызды уақытында егу арқылы сіз оны жұқпалы аурулардан қорғайсыз!
Исатай аудандық санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының басшысы Б.Картмаганбетова