Қ.Тоқаев: «Сот саласы жабық корпорация болмауы керек»

Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөз сөйлеген Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжілістің жаңа құрамы алдына міндеттер қойды, - деп хабарлайды zakon.kz.

Президент басты мақсат - азаматтардың өмірін жақсарту екенін баса айтты. - Біз осы тапсырмаға ат салысу үшін ең белсенділерді шақырамыз. Дамыған мемлекет, біріншіден, дені сау азаматтар. Ол үшін біз барлық жағдайды жасауымыз керек. 2025 жылға қарай біз өз тұрғындарымыз үшін инфрақұрылымдық және дамыған орта жасауымыз керек. Басқа бағыттар бойынша біз де қажетті жұмыстарды жүргізетін боламыз, - деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ ол сот жүйесіне қатысты атқарылатын жұмыстарға тоқталды.

- Сот жүйесін реформалау керек. Жоғарғы Сот басшысының тұрақты жұмысына қарамастан, әлі де атқарылатын жұмыстар бар. Сот саласы жабық корпорация болмауы керек, - деді Президент.

Cурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521